Мәскеуге келген Навальный әуежайда тұтқындалды

0
2 430

Навальныйдың бұдан әрі бұлтартпау шарасын сот шешеді, оған дейін ол қамауда болады.


Мәскеуге келген Навальный әуежайда тұтқындалды

ERNUR.KZ. Берлиннен Мәскеуге ұшып келеді деген "Победа" әуекомпаниясының ресейлік саясаткер Алексей Навальный мінген ұшағы Внуково әуежайына қонады деп жоспарланған. Алайда ұшақ Шереметьевоға қонды. Бұл туралы онымен бірге ұшақта келген Deutsche Welle тілшісі мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Борт қонуға аз уақыт қалғанда басқа аэродромға бағытталған. Baza Telegram-каналы Внуково әуежайында қар тазалайтын техника сынып қалып, қонатын жол тазартылмағанын жазады. Сол себепті ұшақ басқа әуежайға қонған.

Неміс басылымының мәліметінше, Навальный отырған ұшақ Шереметьевоға қонған соң Внуково әуежайына басқа ұшақтардың қонуына рұқсат етілген. Келушілерді әдеттегі режиммен кіргізген.




Саясаткердің командасы оны күтіп алу үшін жақтастарын әуежайға шақырған болатын. Билік Внуково әуежайына полицейлерді әкеліп, адамдарды ұстады. Соңғы мәліметтер бойынша, 37 адам ұсталған. Олардың арасында Новальныйдың жақтастары мен журналистер бар.




Навальный Мәскеуге ұшып келгеннен кейін журналистере сұхбат беріп, қайту немесе қайтпау керек деген таңдау болмағанын айтты.

"Мұндай таңдау болған жоқ. Келгенім үшін бақыттымын. Бұл соңғы бес айдағы ең керемет күнім болып тұр. Мұнда менің үйім бар, мен қорықпаймын және шекара бақылауына әдеттегідей барамын. Шыққан соң үйге кетемін, себебі менікі шындық екенін білемін. Маған қарсы қылмыстық істер әдейі жинақталғанын білемін. Бірақ шындық менің жағымда және сот та. Мен ештеңеден қорықпаймын және қорықпауға шақырамын, - деді ол.


Шереметьево әуежайында төлқұжат тексеріп жатқанда полицейлер Навальныйды ұстады. Ол қорғаушысы мен әйелінсіз кетті.

"Шереметьево әуежайында Ресейдің Мәскеу бойынша Жазаны орындау федералды қызметінің (ЖОФҚ) шұғыл басқармасы іздеу бөлімінің қызметкерлері шартты түрде сотталған Алексей Навальныйды ұстады. Ол сынақ мерзімін бірнеше рет бұзғаны үшін 2020 жылғы 29 желтоқсаннан бері іздеуде жүрген, - деп келтірді Жазаны орындау федералды қызметінің хабарламасын РИА Новости.

Басылым мәліметінше, Навальныйдың бұдан әрі бұлтартпау шарасын сот шешеді, оған дейін ол қамауда болады.

Айта кетейік, кеше бірқатар БАҚ Алексей Навальный Мәскеуге ұшып келетін жазды. Оның Ресейге оралуына жақтастары ғана емес, қарсыластары да дайындалып жатқанын, оның ішінде полиция да барын жазған болатын.