Меккеде қажылыққа барған 500 астам адам мерт болды

0
401

17 маусымда Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен.


Меккеде қажылыққа барған 500 астам адам мерт болды

ERNUR.KZ. Қажылық кезінде аптап ыстықтан қайтыс болған кем дегенде 550 адамның 320-сы Мысырдан келген. Сауд Арабиясы билігі 2000-нан астам адамнан ыстық өтіп, ем алғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Араб дипломаттарының бірі мысырлықтардың бәрі аптап ыстықты көтере алмағандықтан қайтыс болғанын айтты.

17 маусымда Меккедегі Харам мешітінде ауа температурасы 51,8 градусқа жеткен. Сауд Арабиясының зерттеуіне сәйкес, аймақтағы температура әр онжылдықта 0,4 градусқа көтеріледі.

Қажылыққа барғандардың ішінде тек біреуі адамның көп болуына байланысты кептеліс кезінде ауыр жарақат алып мерт болған. Сондай-ақ ол адам санына қатысты жалпы ақпараттар Меккенің әл-Муайсем маңындағы аурухана мәйітханасынан алынғанын атап өтті.

Әр түрлі елдер көз қажылардың саны 577-ге жетті. Меккедегі ең үлкендердің бірі әл-Мутасим ауданының мәйітханасында 550 адам қайтыс болғанын растады.

Меккедегі Әл-Муайсем ауданындағы мәйітхана 550 адамның қайтыс болғанын растады. Қаза болғандардың 323-і мысырлық болса, 60-ы иорданиялық. Ал 2 мыңнан астам адам медициналық көмекке жүгінген.

Дипломаттардың айтуынша, сейсенбі күні Амманда берілген ресми ақпаратпен салыстырғанда, қажылыққа келгендердің арасында кем дегенде 60 иорданиялық мерт болды.

Әл-Муайсем мәйітханасындағы қаза тапқандардың жалпы саны 550-ге жеткен.

Сейсенбі күні таңертең Мысыр Сыртқы істер министрлігі Каир Сауд Арабиясының билігімен бірлесе отырып қажылық кезінде жоғалып кеткен мысырлықтарды іздеу жұмыстарына кірісетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ жергілікті биліктің мәліметінше, аптап ыстықтан зардап шеккен 2000-ға жуық қажы ем алған. Алайда жексенбіден бері бұл ақпарат жаңарлыған жоқ.

Шетелдік БАҚ былтыр қажылық кезінде 240 адам мерт болғаны туралы жазуда. Олардың көбі индонезиялықтар болған.