Мексика президенті қызметіне кіріскенде қанша көлемде жалақы алатынын жариялады
Андрес Мануэль Лопес Обрадор Мексика президенті қызметіне кіріскенде қанша көлемде жалақы алатынын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Обрадор бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында өзінің еңбекақысын азайтуға уәде берген еді. Сонымен қатар ол шенеуніктердің жалақыларын қысқартатын да тілге тиек етті.
Енді елдегі ешбір мемлекеттік қызметкердің айлығы президенттікінен жоғары болмайды. Обрадор қызметіне 1 желтоқсанда кіріседі.