Меркель әлемдегі ең ықпалды әйелдер рейтингіне ілікпей қалды

0
557

Бұған дейін Ангела Меркель 10 жыл бойы рейтингтің басында болған.


Меркель әлемдегі ең ықпалды әйелдер рейтингіне ілікпей қалды

ERNUR.KZ. Amazon негізін қалаушы Джефф Безостың бұрынғы әйелі, жазушы Маккензи Скотт Forbes журналының әлемдегі “ең ықпалды 100 әйел” тізімінде көш бастады, деп жазады ulysmedia.kz.

Forbes журналының америкалық нұсқасы Маккензи Скоттты қайырымдылық жұмыстары үшін бірінші орынға қойды.

Бұған дейін Ангела Меркель 10 жыл бойы рейтингтің басында болған. Ол Германия канцлері қызметінен кеткеннен кейін журнал оны тізімнен алып тастады.

Екінші орын АҚШ вице-президенті Камала Харриске бұйырды. Одан кейінгі орындарда Еуропа орталық банкінің басшысы Кристин Лагард пен General Motors бас директоры Мэри Барра, сонымен қатар кәсіпкер және Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтстің бұрынғы әйелі Мелинда Гейтс келеді.