​Мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылуда

0
1 786

Дәрілердің жарамдылық мерзімін көрсететін жерлерді жараға жағатын маймен өшіріп тастаған.


​Мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылуда

ERNUR.KZ. Түркіменстанда дәрі-дәрмек қымбаттап, кейбірі тапшы болып жатқан тұста, Дашоғузда мерзімі өтіп кеткен дәрілер сатылып жатыр, деп жазады centralasian.org.

«Дәрі-дәрмектің қымбаттап жатқанын пайдаланған саудагерлер мерзімі өтіп кеткен дәрілердің қорабындағы жарамдылық мерзімін көрсететін жазуларды өшіріп, сатып жатыр. Кейбірін қорабын алып, даналап сатып жатыр», - дейді тілші.

Тілшінің айтуынша, шыны және пластикалық ыдыстағы дәрілердің де жарамдылық мерзімін көрсететін жерлерді жараға жағатын маймен өшіріп тастаған.

Өткен айда Азаттықтың Лебап уәлаятындағы тілшісі жедел-жәрдем қызметкерлері дәрілердің тапшылығынан науқастарға дәрі бермейді деп хабарлаған. Дәрігерлер соңғы уақытта мемлекет жедел-жәрдем қызметін тегін дәрілермен қамтамамыз етуді тоқтатты дейді.