Баян-Өлгей аймағынан сайланған 66 жастағы қазақ 76 депутаттың ішіндегі жасы ең үлкені.
ERNUR.KZ. Моңғолияда ел Парламентіне 2020 жылғы сайлаудың нәтижелері жарияланып, жақын арада жаңа депутаттар ант береді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Парламент туралы заңда көрсетілгендей, бірінші сессияны 76 депутаттың ішіндегі ең қарт мүше басқарады. Сондықтан бірінші сессияны Баян-Өлгей аймағынан сайланған 66 жастағы Бәделхан Қабдісіләмұлы басқарады», - делінген ақпаратта.
1954 жылы туған Б. Қабдісіләмұлы жаңа парламенттің ең қарт мүшесі болып отыр.
«2020 жылғы Парламент сайлауында Баян-Өлгей аймағынан Бәделхан Қабдісіләмұлы, Әубәкір Тілеуханұлы, Бейсен Бұланұлы сайланды», - деп жазады Кaznews агенттігі
Баян-Өлгей аймағынан 3 депутаттық мандатқа 14 кандидат таласатыны бұған дейін хабарланған болатын.