​Мысығын жерлеймін деп өзі өліп қалған әйел бір айдан соң табылды

0
2 238

Әйелдің денесінде ешқандай жарақат жоқ. Мәйітті тексеру сараптамасы әйелдің бір айдан астам уақыт бұрын қаза болғанын көрсеткен.


​Мысығын жерлеймін деп өзі өліп қалған әйел бір айдан соң табылды

иллюстрациялық фото: homel.greenbelarus.info

ERNUR.KZ. Жапонияның тұрғыны өлген мысығын жерлемек болған сәтінде өзі о дүниелік болған. Бұл туралы Tokyo Reporter газеті жазады.

50 жастағы жапондық әйелді Токио қаласы маңындағы Адати ауданынан үйдің иесі тауып алған. Полицейлердің айтуынша, әйел өлген мысығын жерлемек болып жатқан сәтінде қайтыс болған болуы мүмкін. Себебі, оның жанында күрек пен өлген мысық табылған. Әйел мысығын жерлемек болып жер қазып жатқанда жүрегі тоқтап қалған деген де болжам бар. Ол өзі қазған шұңқырға түсіп кеткен.

Әйелдің денесінде ешқандай жарақат жоқ. Мәйітті тексеру сараптамасы әйелдің бір айдан астам уақыт бұрын қаза болғанын көрсеткен.