Норвег қыздары қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерімен сән көрсетті

0
3 298

Шоу аясында Астананың заманауи келбеті туралы сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды.​


Норвег қыздары қазақтың ұлттық нақыштағы киімдерімен сән көрсетті

ERNUR.KZ.Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында Ослода Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігінің ұйымдастыруымен «Сән мен Сахна» халықаралық фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Шарада Қазақстан елшісі Қайрат Әбусейітов елорданың тарихына тоқталды.

«Өткен жиырма жыл ішінде Астана Қазақстан егемендігінің символына айналды. Аса ірі әлемдік форумдардың өтуі Астананы халықаралық орталықтардың біріне айналдырды», - деді ол.

«Сән мен Сахна» директоры Ханум Айдаш норвегиялықтарға дизайнерлер – Гүлжан Ниетқабыл мен Гауһар Әміровалардың таңғажайып коллекцияларын көрсетті.

«Астананың мерейтойы өте қызықты әрі жаңашыл форматта тойланып жатыр. Осы арқылы Астана туралы мол дерек жинаумен қатар, дала мәдениеті туралы білімімді де толықтыра алдым», - дейді Норвегия Білім беру және зерттеулер министрлігінің жетекші кеңесшісі Торлауг Лунд Аукруст.

Шоу аясында Астананың заманауи келбеті туралы сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды.