Оқушылар алдында шығыс биін билеген мұғалім өз қылығын түсіндірді – видео

0
679

​Қала әкімшілігінің сайтында білім беру басқармасының ресми мәлімдемесі жарияланды. Қазіргі кезде қызметтік тексеріс басталды.


Оқушылар алдында шығыс биін билеген мұғалім өз қылығын түсіндірді – видео

ERNUR.KZ. Ресейдің Хабаровск қаласындағы №76 орта мектепте шу шықты. Білім күніне арналған салтанатты жиында жаңадан келген мұғалім шығыс биін билеп берген. Қаланың білім беру басқармасы қызметтік тексеріс бастап кетті, деп жазады sputnik.kz.

Мектеп директорының орынбасары Елена Кирюхинаның айтуынша, салтанатты жиынға келген адамдар биді толығымен түсірмеген. Аяқ жағын ғана алып, әлеуметтік желіге салып жіберді. Содан халық ұйымдастырушылардың ойын түсінбей қалды.

"Би студиясының мұғалімі құстың киімін киіп шыққан. "Қанаттарыңызды жоғалтпаңыздар" деген әнге биледі. Негізгі ой – балалардың өз-өзіне деген сенімін арттыру, оларға жігер беру. Мұғалім арнайы костюм киген, қанаттары да болған. Бірақ адамдар аяқ жағын, биші қанаттарын шешіп тастаған жерінен бастап түсіріп, таратып жіберген. Биді орындаған мұғалім жұмысына енді ғана кірісіп отыр. Осы мейрамды шығармашылықпен өткізуге тырыстық. Бірақ, керісінше, болып шықты. Директордан да ұят болды", - дейді Кирюхина.


Ал қала әкімшілігінің сайтында білім беру басқармасының ресми мәлімдемесі жарияланды.

"Білім басқармасы мұндай бастамаларды орынсыз деп санайды. Білім беру мекемесі басшылығы қабылдаған кәсіби емес шешім үшін кешірім сұраймын", - дейді басқарма басшысы Татьяна Матвеенкова.

Қазіргі кезде қызметтік тексеріс басталды.

Ал биді орындаған мұғалім Юлия Марченко халықтың кешірім сұрады. Ол денені толығымен жауып тұрған костюмді кигенін жеткізді. Бірақ видеода басқаша болып көрініп қалған.