Жол апатының себептері әзірге белгісіз.
ERNUR.KZ. Перуде жасөспірімдер футбол командасы мінген автобус 90 метрлік құздан құлап, кем дегенде 13-14 жас шамасындағы 7 спортшы қаза болды, деп жазады 24.kz.
EFE агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 11 қараша күні Амасонас аймағында болған.
Команда Чачапояс қаласындағы матчқа бара жатқан. Жантүршігерлік жол апаты кезінде 10 бала мен әйел адам дене жарақаттарымен аурухана түсті. Олардың көбі медициналық қызмет көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген, алайда екеуі әлі ауруханада жатыр. Олар жақын арада Лимедегі клиникалардың біріне жеткізіледі.
Жол апатының себептері әзірге белгісіз.