Апаттан жүкті әйел көз жұмды. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды
ERNUR.KZ. Қырғызстанда Mercedes-Benz пен Toyota Avensis көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды, деп жазады sputniknews.kz.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға оқырмандардың бірі хабарлап, жол апатынан кейін түсірілген видеоны жолдады.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі – милиционер мас болған. Toyota Avensis-тің 34 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Куәгерлердің айтуынша, әйел жүкті болған. Сондай-ақ Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті.
Видеода оқиға орнында болғандардың бірі Mercedes-тің жүргізушісі мен жолаушысы мас болғанын айтады.
Бішкектің Жол қозғалысы қоғамдық қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметі жүргізушілердің бірі милиционер болып жұмыс істейтінін растады.
"Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі Октябрь ауданы ІІБ-нің 26 жастағы қызметкері болып шықты. Ол жолаушымен бірге аурухана жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes жолдың қарсы бетіне шығып кеткен", — деді басқармадағылар.
Жол апаты дерегі бойынша барлық материал тергеу бөліміне берілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.