Өлген баланы қайта тірілткен дәрігердің видеосы желіде хит болды

0
3 739

Өлдіге саналған баланы тірілтіп алған Сергей Тобиас есімді дәрігер.


Өлген баланы қайта тірілткен дәрігердің видеосы желіде хит болды

ERNUR.KZ. Facebook-тің өзбек желісінде пайда болған видео бүкіл елге жаппай тарап жатыр. Онда дәрігердің екі жасар баланың өмірін қалай аман алып қалғаны суреттеледі, деп жазады Zakon.kz.

Өлдіге саналған баланы тірілтіп алған ЛОР дәрігері Сергей Тобиас туралы видеоны оның әріптесі, отоларинголог Ильхом Авлякулов желіге орналастырып, оқиғаның мән-жайын баяндаған.

- Мен "Lor Plus Servis" дәрігеріне алғысымды айтқым келеді. Ол мықты маман екен. Бүгінгі жасағаны ерлік енді. Оған бір әйел демі тоқтап, клиникалық өлімдегі екі жасар баласын алып келген. Ол кісі реаниматолог та емес, бірақ балаға алғашқы медициналық көмекті сәтті көрсетіп, баланы анасының құшағына тірі қайтарған. Баланың аяқ-асты температурасы көтеріліп, аяқ-қолы дірілдеп, тынысы тоқтаған. Ебін білмейтін дәрігерлер, мұндай жағдайда алақанын жаяды. Ал ол соңына дейін қолынан келгенін істеді, онысы бекер де болмады, - деп жазды Ильхом Авлякулов видеоға қоса жариялаған жазбасында.

Белгілі болғандай, Ташкенттегі жекеменшік емханаға қолындағы екі жасар баласы бар бір әйел жүгіріп кірген. Құтқарыңдаршы дей беріпті. Ал бала тынысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайында болған. Балаға отоларинголог Сергей Владимирович Тобиас көмекке келген. Ол ұзақ уақыт бойына ешқандай аппараттың көмегінсіз балаға жан бітіруге тырысты.Баланың әке-шешесі шошып, кабинетке кіріп-шығып жүрген. Бірнеше минуттан кейін дәрігер баланы көтеріп алып, анасының қолына береді. Бұл кезде балаға жан бітіп, көзін ашқан еді.