Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбыр кезінде 44 адам қаза тапты

0
630

19 шілде күні таңертең елде толассыз жауған жаңбырдан 44 адам көз жұмды.


Оңтүстік Кореяда нөсер жаңбыр кезінде 44 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Өткен аптадан бері толассыз жауған жаңбыр Оңтүстік Кореяның өңірлеріндегі көшкін мен су тасқынына себеп болды. Табиғи апат салдарынан 44 адам қаза тауып, іздестіру жұмыстары кезінде бір құтқарушы жоғалып кетті, деп жазады zakon.kz.

Корея билігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең елде толассыз жауған жаңбырдан 44 адам көз жұмды.Тағы мыңдаған адам үйін тастап қашуға мәжбүр болды, деп жазады Yonhap.

Жауын-шашын кезінде адамдарды іздеуге арналған құтқару операциясына қатысқан теңіз жаяу әскерінің бір сарбазы қаза тапты. Оны өзен ағысы алып кетті. Әріптестері құтқармақ болып талпынғанымен, еш қайран болмады.

Аптаның соңында аймақта тағы да қатты жауын жауады деп болжанды және билік ықтимал жағдайға мұқият дайындалуы керек, деді сәрсенбі күні таңертең премьер-министр Хан Док Су.