Өте қауіпті: Гренландияда 70 жылдан бері алғаш рет жаңбыр жауды

0
892

Жаңбыр бірнеше сағат бойы жауған.


Өте қауіпті: Гренландияда 70 жылдан бері алғаш рет жаңбыр жауды

ERNUR.KZ. Гренландияда өткен ғасырдың 50-жылдары метерологиялық бақылау жүргізіле бастағалы алғаш рет жауын жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңбыр бірнеше сағат бойы жауған. Осы кезде аралда ауа температурасы көтерілгені байқалған. Ғалымдар бұл ауа райының жай ғана өзгеруі емес, аномальды құбылыс деп отыр. Себебі алдағы уақытта мұндай жайттың қайталануы мұздықтардың тез еруіне әкеледі деген қауіп бар.

- Орта ендікте ауа температурасы бірнеше градусқа ысыса, аса байқала қоймас. Ал Солтүстік мұзды мұхитта бір-ақ градусқа көтерілсе де, апатты жағдай туғызады. Қазір су тасқындары мен аптап ыстықтың жиілеуі осының салдары, - дейді ғалым Уолт Мейер.