Өзбекстанда алаяқтар жасанды интеллект көмегімен президенттің сөзін бұрмалаған

0
616

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат берілген жоқ.


Өзбекстанда алаяқтар жасанды интеллект көмегімен президенттің сөзін бұрмалаған

ERNUR.KZ. Бұл туралы "Шығыс экспресс 24" хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Өзбекстанда алаяқтар Республика Президенті Шавкат Мирзиеёв сөз сөйлеген бейнероликті пайдаланып, жасанды интеллекттің көмегімен оның айтқанын өзгерткен.

Жаған бейнероликте Шавкат Мирзиеёв алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен Өзбекстан азаматтарына ақшаны қайтаруға уәде береді және жоғалған ақшаны қайтару және өтеу жөнінде Комитет құрылғанын хабарлайды.

Өзбекстан ІІМ жанындағы киберқауіпсіздік орталығының баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Алаяқтар азаматтар сеніміне кіріп, олардың ақшаларын ұрлауға тырысқан.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат берілген жоқ.