Өзбекстанда аптапқа байланысты пойыз жылдамдығы шектеледі

0
409

Соңғы күндері Өзбекстан аумағында әдеттен тыс жоғары температура байқалады.


Өзбекстанда аптапқа байланысты пойыз жылдамдығы шектеледі

ERNUR.KZ. Өзбекстанда аптапқа байланысты пойыздардың жылдамдығы шектеледі, деп жазады tengritravel.kz.

"Узтемирйулйуловчи" баспасөз қызметі мәліметінше, соңғы күндері Өзбекстан аумағында әдеттен тыс жоғары температура байқалады. Осыған байланысты, тасымалдаушы өкілдерінің айтуынша, теміржол жолдары мен рельстердің болат элементтері айтарлықтай қызады. Сондай-ақ, ауаны баптау жүйелерінің бұзылуы мүмкін екені атап өтілді.

"Пойыздар мен жолаушылар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында поездар қозғалысының жылдамдығына шектеулер енгізілді. Бұл пойыздардың кестеден кешігуіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жылдамдыққа шектеулер енгізілген пойыздарда ауаны баптау жүйелерінің тиімділігі төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Компания аптапқа байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.