Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: nova24.uz
ERNUR.KZ. Көрші елдің Андижан облысында "Өзбекстан" коньягын ішкен 22 адам уланып қалды. Оның ішінде 5 тұрғын қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz.
Ішімдік бөтелкелерінің сыртында елдің акциздік маркалары болған.
Андижан облыстық прокуратурасының хабарлауынша, 22-26 желтоқсан аралығында "Өзбекстан" коньягын ішкен бірнеше адам уланып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер жан-жақты медициналық көмек көрсеткеніне қарамастан, 5 адам көз жұмды.
Прокуратура бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала тергеуді облыстық прокуратура тергеушілерінің басшылығымен жедел-тергеу тобы жүргізеді. Оның құрамына ІІБ тергеу департаментінің және Бас прокуратураның экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің облыстық басқармасының қызметкерлері кіреді.