Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 18 адамның жағдайы ауыр

0
603

Бүгінге дейін 22 адам осы індеттен көз жұмған.


Өзбекстанда коронавирус жұқтырған 18 адамның жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Өзбекстанда коронавирус жұқтырған азаматтарды емдеу кезінде осы індетті жұқтырған дәрігер мен емделуші науқас қаза тауып, бір тәулікте 266 кісінің вирус жұқтырғаны белгілі болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігінің 28 маусым кешкі қорытынды мәліметіне сенсек, республикада ауруға шалдыққандардың саны 7948-ге жеткен.

Сонымен қатар бүгін 81 азамат аурудан сауығып шығып, жалпы жазылғандар саны 5329-ға жетті. Бүгінге дейін 22 адам осы індеттен көз жұмған.

Қазіргі уақытта ауруханада 2597 науқас дәрігерлер бақылауында. Оның арасында 18 азаматтың жағдайы ауыр.