Өзбекстанда маска тақпай жүрген адамдарға айыппұл салынатын болды

0
839

Айыппұлдың көлемі - 70 доллар.


Өзбекстанда маска тақпай жүрген адамдарға айыппұл салынатын болды

ERNUR.KZ. Өзбекстанда барлық адамға маска тағу міндеттелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Яғни, 23 наурыздан бастап елде бетті тұмшалайтын қорғаныс құралдары жоқ адамдарға көшеде жүруге тыйым салынып отыр.

25 наурыздан бастап бұл талапты бұзған адамға 223 мың сум, яғни 23 доллар (1 базалық есептік мөлшерлеме) көлемінде айыппұл салынады. Егер талапты қайталап бұзса 3 базалық есептік мөлшерлеме көлемінде (669 мың сум - 70 доллар) айыппұл салынбақ.