Пальма аралында кратер қабырғасы құлады

0
996

Жанартаудың атқылауы үш аптадан бері басылмауда, бұған қоса аралда жер сілкіністері жалғасып жатыр. Мыңға жуық үй қирады, алты мың адам эвакуацияланды.


Пальма аралында кратер қабырғасы құлады

ERNUR.KZ. Испанияның Пальма аралында Кумбре -Виеха жанартауының атқылауы салдарынан кратердің солтүстік бөлігі құлап, лаваның жаңа ағындары сол жерден төгілді, деп жазады inform.kz.

Жанартаудың атқылауы үш аптадан бері басылмауда, бұған қоса аралда жер сілкіністері жалғасып жатыр. Мыңға жуық үй қирады, алты мың адам эвакуацияланды.

Алқаптар мен жолдарды күл басып қалды, инфрақұрылым бүлінген. Мұхитқа құятын лава Пальма аумағын ұлғайтып, жаңа жарты арал пайда болды. Арал апатты аймақ деп жарияланды, қаржылық көмек сол жаққа жіберілді, бірақ тұрғындарды толық көшіру туралы сөз жоқ.

Осындағы әуежайы қайтадан жабылды. Кішігірім авиакомпаниялар рейстерді өткен аптада қайта бастаған еді, бірақ күл мен жер сілкінісіне байланысты жолаушыларға жаңа рейстен бас тарту туралы ескертілді. Ғалымдардың айтуынша, Кумбре Вижаның атқылауы шамамен үш айға созылуы мүмкін.