Пхенчханда журналистің өлі денесі табылды

0
1 271

Олимпиада өтіп жатқан Пхенчхандағы медиа-қалашықтардың бірінде тілшінің өлі денесі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости ұымдастыру комитетінің өкілі Сон Байк Ю-ге сілтеме жасап.


Пхенчханда журналистің өлі денесі табылды

фото: РИА Новости

Олимпиада өтіп жатқан Пхенчхандағы медиа-қалашықтардың бірінде тілшінің өлі денесі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости ұйымдастыру комитетінің өкілі Сон Байк Ю-ге сілтеме жасап.

«Журналистер қалашығындағы» қонақүйде, өз бөлмесінде 50 жасар корей тілшісін бөлмелес көршісі оятпақ болған. Бірақ оның қимылсыз жатқанынан күдіктеніп, тынысын тексеріп, өлі екендігін анықтайды. Оны ауруханаға апарғанда күдік расталды, - деді Сон Байк Ю баспасөз-конференцияда.

Көз жұмған тілші Жапонияның ақпарат тарататын компаниясына жұмыс істеген.