Шығыс Қазақстанда таудан құлаған тастар жолдың бір бөлігін басып қалды

0
37

Тас құлаған сәтте жол учаскесінде көліктер болмаған.


Шығыс Қазақстанда таудан құлаған тастар жолдың бір бөлігін басып қалды

фото: Sputnik / Константин Чалабов

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнарлары" республикалық автожолының бір бөлігіне жартастан ірі тастар мен ұсақ жыныстар құлады, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
Куәгерлердің айтуынша, тас құлаған сәтте жол учаскесінде көліктер болмаған. Сондықтан зардап шеккендер мен бүлінген автокөліктер жоқ.
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, оқиға 15 қарашада жолды патрульдеу кезінде анықталған. Қазіргі уақытта аталған учаскеде көліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысы қамтамасыз етілген. Жолдағы тас пен тау жыныстарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.