​Польша мектептерінде оқушыларға атыс қаруын меңгеру міндеттелді

0
171

Енді 14 жастан асқан балалар арнайы пәнде әскери шабуылдан қорғанып, тактикалық құтқарудың негізі болатын «ату дағдыларын» қалыптастыратын болады.


​Польша мектептерінде оқушыларға атыс қаруын меңгеру міндеттелді

Фото: Euronews

ERNUR.KZ. Польшада мектеп бағдарламасына алғашқы әскери дайындық сабақтары енгізілді, оның ішінде атыс қаруын ұстау мен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету бар, деп жазады inform.kz.

Енді 14 жастан асқан балалар арнайы пәнде әскери шабуылдан қорғанып, тактикалық құтқарудың негізі болатын «ату дағдыларын» қалыптастыратын болады. Олар бағдарлама аясында қаруды шашып-жинауды үйренеді сондай-ақ нысананы көздеу арқылы атуды меңгереді. Балалардың қауіпсіздігі үшін жаттығу өтетін залда жауынгерлік оқтың орнына лазерлік сәулелер қолданылады.

— «Қауіпсіздікке үйрету» пәні бастауыш мектептің 8 сыныбында, ал жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбында 14 пен 16 жас аралығындағы балалар үшін міндетті пән. Аптасына бір сағат арналып отыр.
Сонымен қатар бастауыш сыныптар үшін әскери аспект бойынша киберқауіпсіздікті меңгеру міндеттелген. Ал, орта білім беретін мектептерде оқушылар соғыс жағдайында төнген қауіпке қандай реакция білдіру керегін, әскери аспект бойынша киберқауіпсіздікті меңгеру, ату жаттығуына қатысу міндеттелген.