Ал анасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Фото: Unsplash
ERNUR.KZ. Польшада жүктіліктің 38 аптасында ішімдік ішкен әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ағзасынан үш промиллеге жуық алкоголь анықтаған. Соның салдарынан сәби де “мас” күйде туған, деп жазады stan.kz.
Қандағы алкогольдің мұндай деңгейі ана мен бала үшін аса қауіпті болғандықтан, дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасауға шешім қабылдады. Нәресте дүниеге келген соң, оның қанында 1,5 промилледен астам алкоголь бар екені анықталған. Бұл көрсеткіш жаңа туған сәбилер үшін өлім қаупін төндіреді.
Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақтандырылды. Ал анасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.


