Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық бақылау құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілген
Sputnik / Алексей Витвицкий
ERNUR.KZ. Польша Әскери-әуе күштерінің кезекші жойғыш ұшақтары мен одақтас елдердің авиациясы әуеге көтерілді. Бұл туралы Польша Қарулы күштері бөлімшелерінің жедел қолбасшылығы хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
X әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламада "Ресейдің алыс қашықтықтағы авиациясының Украина аумағындағы белсенділігіне байланысты" Польша аумағында әскери ұшақтардың әуеге көтерілгені айтылған.
Сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиолокациялық бақылау құралдары жоғары дайындық режиміне көшірілген.
Соңғы уақытта Польша әскерилері мұндай хабарламаларды тұрақты түрде жариялап келеді. Әдетте бұл Украинада әуе дабылы жарияланған уақытпен тұспа-тұс келеді.
NaTemat ақпарат порталының хабарлауынша, Ресей авиациясының Украинадағы болжамды белсенділігіне байланысты жойғыш ұшақтарды жиі әуеге көтеру салық төлеушілердің қалтасына салмақ салып жатыр. Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сәйкес, F-16 жойғыш ұшағының бір сағаттық ұшу құны 76-77 мың злотый (шамамен 21 мың АҚШ доллары) тұрады.


