Рекорд: Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды

0
268

Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған.


Рекорд: Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды

ERNUR.KZ. Париж олимпиадасына 8,8 миллион билет сатылды. Рекордтық көрсеткіш туралы жаңалықты журналистерге Халықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит Макконнелл хабарлады, деп жазады inform.kz.

«8,8 миллионнан астам билет сатылды — бұл керемет сан, Франциядағы спорттық іс-шараның ең жоғары көрсеткіші», — деп түсіндірді ол.

Мұндай сатылымдар осы уақытқа дейін Олимпиаданың рекорды болып саналады. Бұған дейін ең көп билеттер 1996 жылы Атлантадағы ойындарға сатылған. Ол кезде спорт сүйер қауым 8,3 миллион билет алған. Ойындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қызметтердің 30 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылып, Олимпиада қалашығында 166 делегация тіркелген.

Олимпиадаға Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады. Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.