Ресей Арктикалық өңірдің экономикалық дамуын және перспективасын арттыру бойынша өз мақсатын жасырып отырған жоқ. Бұл мұхиттың арғы бетіндегілерді алаңдатып отыр.
ERNUR.KZ. Батыстағы БАҚ Ресей полярлық өңірді игеруде тым алшақтап кетті деп жиі жаза бастады. Мақала авторлары АҚШ-тың қазіргі ахуалы кезінде Ресейдің Заполярьенің суларында нық бекінуіне жол бермеу керек екенін ашық айтуда, деп жазды sputnik.kz.
Алайда батысқа тек жүзеге асқан жобалар жайлы ақпарат жетуде. Мысалы, орыстар Мурманск – Владивосток трансарктикалық суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі жобасын жүзеге асыруда. "Полярный экспресс" деп аталатын жоғары жылдамдықты магистральдің ұзындығы 12,5 мың километр және ол 2026 жылға қарай Мурманск облысындағы Териберка аулын Қиыр Шығыстағы Владивосток портымен байланыстырады.
Ол тұрақты заманауи байланыспен қамтамасыз етіп қана қоймай, шеттегі өңірлерді жақындата түседі. Бұл жекелеген жоба емес, ол құны 890 миллион доллар болатын Солтүстік теңіз жолын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі.
Ресей Арктикалық өңірдің экономикалық дамуын және перспективасын арттыру бойынша өз мақсатын жасырып отырған жоқ. Бұл мұхиттың арғы бетіндегілерді алаңдатып отыр. Сонымен қатар Арктика халқының екі жарым миллион тұрғыны ресейлік арктикалық облыстарда мекен етуде. Яғни, мұндағы әрбір екінші тұрғын – орыс.
Бұл өңірдегі халықтың саны аз екенін Ресей өзі де көп жылдан бері өзекті мәселе ретінде айтып келеді. Халықтың климаты әлдеқайда қолайлы оңтүстік аймаққа қарай ығысуын жоққа шығару ақымақтық болар. Алайда қысы қатал ел ретінде танымал дәл сол Канаданың өзінде халықтың басым бөлігі АҚШ-пен шекараны бойлай, оңтүстікте шоғырланған.
Ресейдің қарқынды дамып келе жатқан мұзжарғыш флоты да мазасыздыққа себеп болуда. Қатардағы кеме саны қазірдің өзінде қырықтан асты. Тағы үш кеменің құрылысы жүріп жатыр. Ал алдағы он жылда Мәскеу кемінде он мұзжарғыш кемені қатарға қосуды жоспарлап отыр. АҚШ қарулануы қатарында осы тектес екі кеме - Polar Star мен Healy ғана тұрғаны батыстағылардың алаңдаушылығын арттырып жатыр.
Кезінде экс-президент Дональд Трамп Polar Security Cutter бағдарламасы аясында жаңа мұзжарғыштарды әзірлеу және тұрғызуға бюджеттен 1,2 триллион доллар бөлген болатын. 2024 жылға қарай америкалық жаңа мұзжарғыштар теңізде сынақтан өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда бұл мәселе бойынша қазірге дейін ешбір жаңалық жоқ.
Ресей поляр суларында геологиялық барлау бойынша ауқымды бағдарламаны бастады. Тамыздың соңында "Бавенит" мұз тобындағы ғылыми-зерттеу кемесі Лаптев теңізіндегі бұрын-соңды зерттелмеген аймақтарда барлау бұрғылауын жүргізді. 300 метрге дейінгі тереңдіктегі ұңғымаларда геотехникалық зерттеу жүргізе алатын "Бавенит" Кар теңізі, Лаптев теңізі және Шығыс-Сібір мен Чукот теңіздерінде ауқымды іздестіру жүргізеді. "Академик Лазарев" ғылыми кемесі де дәл осы бағдарды бетке алып теңізге шықты.
Ең қызығы, жақында ғана Глазгодағы климат жөніндегі саммиттің өтуінен бір апта бұрын еуропалық шенеуніктер Арктикада геологиялық барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салатын алдын ала дайындалған бағдарламаны жариялады. Еурокомиссиядағы Литва өкілі Виргиниюс Синкявичюс Еуропаның Арктикадағы барлық климаттық (энергия ресурстық) процестерге араласуын, көмірсутекті барлау мен өндіруге толық мораторий енгізуді қарастыратын "Арктика стратегиясын" таныстырды. Стратегия арктикалық елдер тарапынан мұнай және газды қайраңдардан аймақтық даулаудан бас тартуды қарастырады. Алайда ол мемлекеттердің қатарында АҚШ жоқ болғанымен, Ресей, Канада мен Дания бар.
Еурокомиссия бірінші кезеңде қойнауы уранға бай Гренландияда өз өкілдігін ашуды көздеп отыр. Суық су акваториясында "Бавенит" пен "Академик Лазарев" барлау жүргізіп, Глазгодағы саммитке РФ президентінің қатыспауы еурошенеуніктердің титығына тигені анық. Олар Мәскеу өз табиғи ресурстарынан, полярлық өңірлерді дамыту мен бюджетін толықтырудан бас тартқанын қалап отыр. Ашығын айтқанда, Ресейдің әлеуметтік, әскери және энергетикалық бағдарламаларды тоқтатып, Заполярьеден кеткенін көздейді.
Бірақ Брюссельдің бұл сценарийіне өз арасында қарсы шыққандар табылды. Норвегияның премьер-министрі Йонас Гар Стере "Арктика стратегиясын" өткір сынға алды. Шенеунік Еуропаға газ жеткізуден Ресейден кейінгі орында тұрған Норвегия мораторий енгізілген жағдайда энергия ресурстарын тасымалдаудың сенімді болатыныны кепілдік бермейтінін мәлімдеді. Ол "жасыл саясатты" ұстанатын ЕО елдеріне көмірсутексіз энергетикаға көшуге көмектеспейді. Сонымен қатар Осло активтері 1,4 триллион долларға бағаланатын және табиғи газ бен мұнай өнімдері саудасынан толығып отырған Ұлттық зейнетақы қорына қауіп төндіргісі келмейтінін ашық айтты.
Осы жағдайдың барлығын ескерсек, Арктика үшін талас әлі алда. Ресей ілгерілей берген сайын одан ғылыми кемелерді кері қайтарып, мұзжарғыштардың құрылысын тоқтатуды талап ете бермек.