Соғыс аяқталғандықтан әлем елдері Ауғанстанға деген көзқарастарына оң өзгерістер енгізуі керек.
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин 21 қазанда "Валдай" халықаралық клубының отырысында сөйлеген сөзінде "Талибанды" (Қазақстан, Ресей Федерациясы және басқа елдерде тыйым салынған ұйым) террористік ұйымдар тізімінен шығару мүмкін екенін айтты. Ол Мәскеудің ұстанымы "дәл осы бағытта қозғалуы тиіс" деп атап өтті, деп жазады zakon.kz.
ТАСС жазғандай, Ресей Федерациясы президентінің бұл мәлімдемесіне Ауғанстан уақытша үкіметінің СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи жауап берді.
"Ауғанстан Ислам Әмірлігінің" Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің АИӘ басшыларының есімдерін қара тізімнен алып тастау туралы айтқан сөздерін құптайды", – деді ол.
Соғыс аяқталғандықтан әлем елдері Ауғанстанға деген көзқарастарына оң өзгерістер енгізуі керек. Біз өзара түсіністік қағидаты негізінде халықаралық қоғамдастықпен жақсы қарым-қатынасқа ұмтыламыз, деп қойды ол.