Ресей Беларуське 1,5 миллиард доллар несие береді

0
547

Жақында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Беларуське сапармен келді.


Ресей Беларуське 1,5 миллиард доллар несие береді

ERNUR.KZ. Ресей жақын арада Беларуське 1,5 миллиард долларға мемлекеттік несие береді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Сочиде әріптесі Александр Лукашенкомен өткен кездесуде айтты, - деп жазады tengrinews.kz.

"Жақында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Беларуське сапармен келді. Ол ауқымды келіссөздер жүргізді. Кездесу біздің өзара іс-қимылымыздың барлық бағыты бойынша және қаржы саласында табысты болды. Ресей осы қиын сәтте Беларуське 1,5 миллиард доллар мөлшерінде мемлекеттік несие береді деп келісті. Қазір қаржы министрлері кәсіби деңгейде келіссөздер жүргізіп жатыр", - деді Путин.