Черкесск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы буының жарылысы болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.
Фото: Риа Новости
ERNUR.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының Қарашай-Черкес бойынша орынбасары Антон Шахбазян мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Черкескіде көпқабатты үйдегі жарылыстан кейін муниципалды төтенше жағдай енгізілді.
"Әкімдіктің шешімімен... муниципалды төтенше жағдай режимі енгізілді", – деді Шахбазян.
Құзырлы органдар келтірілген шығынды есептейтін комиссия жұмысын ұйымдастырды. Төтенше оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Бұған дейін Черкесск қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы буының жарылысы болды. Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды.