Ресей Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын – Песков

0
169

Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина осы аптада келісімге келеді деп үміттенетінін айтты.


Ресей Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын – Песков

фото: Sputnik / Евгений Биятов

ERNUR.KZ. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украина мәселесін бейбіт жолмен шешуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
Жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина осы аптада келісімге келеді деп үміттенетінін айтты.
Песков журналистердің "Кремль Трамптың сөзіне қандай түсініктеме береді?" деген сұрағына жауап берді.
"Мен қазір ешқандай түсініктеме бергім келмейді. Президент Путин мен ресейлік тарап қақтығысты бейбіт реттеу жолдарын іздеуге ашық", - деді ол.