Қайғылы жағдай жұма күні жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында болған.
Ресейдің Забайкальский өлкесінде сарбаз әскери бөлімде сегіз қызметтесін атып өлтірді. Тағы екеуі түрлі дәрежедегі жарақат алды хабарлайды ERNUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі мәлімдеген. Қайғылы жағдай жұма күні жергілікті уақытпен сағат 18:20 шамасында болған.
"Күзетшілер кезек ауыстырып жатқан кезде техникалық жөндеу базасының әскери қызметкері әріптестеріне табель қаруынан оқ жаудырған. Жарақат алған екі қызметкердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп мәлімдейді Ресейдің қорғаныс министрлігі.
Әскери қызметші ұсталды. Қайғылы жағдайдың әскери қызметпен байланысы жоқ. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға ер адамның жүйке жүйесінің жұқаруы себеп болуы мүмкін.
Оқиға орнына Ресейдің қорғаныс министрлігінің комиссиясы барды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.