Ресейде рубльдің әлсіреуіне байланысты еңбек мигранттарының саны азайды. Ал мамандар шетелдік жұмысшылардың 50 пайызға қысқаратынын айтады.
ERNUR.KZ. Жалақының қысқарып, азық-түлік, коммуналдық төлемдер мен үй жалдау құнының қымбаттап кеткені еңбек мигранттарының елден кетуіне сеп болды, жеп жазады zakon.kz.
Әуе билеттерінің құны 400 пайызға дейін өсті. Оның үстіне қазір Ресейден шетелге ақша аудару қиындай түскен. "SWIFT" халықаралық жүйесінен ажыратылғалы бері елден тек жоғары комиссиямен ақша аударуға болады.
Ресми статистикаға сүйенсек, шетелдік жұмысшылар жергілікті тұрғындарға қарағанда 30 пайызға жалақыны аз алады.
Мен Қырғызстаннан жұмыс істеуге келдім. Мәскеуде ақшаның құны жоқ, өмір сүру қиын. Дүкенге барып, 1000 рубльге ештеңе ала алмайсың. Бәрі қымбат.Ержан Нұрбеков, мигрант
Осыған дейін Ресейде 12 миллионға жуық еңбек мигранты жұмыс істейтін. Қазір оның саны 10 миллионға да жетпейді. Бірнеше салада кадр дефициті байқалады.
Мәселен, тек құрылыс саласында 200 мың жұмысшы тапшы. Кейбір сарапшылар Африка елдерінен жұмыс күшін тарту керек деп есептейді.