Ресей бас прокуратурасы соттан Meta-ны экстремистік ұйым деп тануды сұрады.
ERNUR.KZ. Ресейде Instagram әлеуметтік желісі бұғатталды, деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы киберқауіпсіздік пен Интернетті бақылайтын Netblocks ұйымы хабарлады.
Қазіргі деректер Instagram Ресейдегі бірнеше провайдер бойынша шектелгенін көрсетеді.
Netblocks Instagram-ға үкімет енгізген Интернет шектеулері әсер етпейтін VPN қызметтері арқылы жанама түрде қолжеткізуге болатынын қосты. Дегенмен, қолданушылардың көпшілігі VPN бағдарламасына қолжеткізе алмайды және бұл шара нәтижесінде Ресейде Instagram-ды қолдану айтарлықтай төмендейді деп күтіледі.
Еске салайық, Ресей Meta-ның шектеулерінен кейін Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдаған болатын.
Осыдан кейін Ресей бас прокуратурасы соттан Meta-ны экстремистік ұйым деп тануды сұрады. Роскомнадзор бас прокуратура талабы бойынша Instagram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдады.