Ұлттық Банк төрағасының айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жеңілдік кезеңін 2029 жылдың соңына дейін тағы екі жылға ұзарту жоспарланып отыр.
ERNUR.KZ. Ұлттық Банк төрағасының айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жеңілдік кезеңін 2029 жылдың соңына дейін тағы екі жылға ұзарту жоспарланып отыр, деп жазады baq.kz.
Ұлттық Банк төрағасының айтуынша, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жеңілдік кезеңін 2029 жылдың соңына дейін тағы екі жылға ұзарту жоспарланып отыр. Себебі бұл бағыттағы несие портфелінің жағдайы тұрақты және талаптарды қатаңдатуға қажеттілік жоқ. Ал автонесиелерге қатысты жеңілдік тағы 1 жылға ұзартылмақ. Осылайша, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап автонесие рәсімдеуге қойылатын талаптар қатаңдатылмайды.
Бұған дейін автонесие нарығында өсім қарқыны жоғары болған. Жылдық өсім 73 пайызға дейін жетіп, несие беру көлемі екі есеге артқан. Алайда соңғы 12 айда бұл сегменттегі өсім 13-14 пайыз шамасында тұрақтанған.


