Абоненттерге 1 қарашаға дейін уақыт берілді.
Фото: Ведомости
ERNUR.KZ. Қарашадан бастап Ресейдегі байланыс операторлары артық SIM-карталарды бұғаттай алады. Бұл бір адамға тіркелген SIM-карта саны 20-дан асып кеткен жағдайда жүзеге асады, деп жазады inbusiness.kz.
Басылымның жазуынша, тиісті талаптар былтыр қабылданған заңнамалық өзгерістерде көзделген. Енді байланыс операторлары осы жылдың 1 сәуіріне дейін ұялы байланыс қызметін пайдаланатындар туралы мәлімет пен олардың атына тіркелген нөмір санын тексеруге міндеттеледі. Қазіргі қолданыстағы нормалар бойынша жеке тұлға өз атына 20-дан артық нөмірді тіркей алмайды.
1 қарашаға дейін абоненттерге артық байланыс қызметі бар келісімшарттарды тоқтату ұсынылды. Бұл талап орындалмаған жағдайда байланыс операторлары тиісті нөмірлер бойынша байланыс қызметін көрсете алмайды.


