Ресейде рельстен шығып кеткен жолаушылар пойызы аударылды

0
458

Ресейлік БАҚ-тарда төтенше жағдай кезінде 10 адамның, ал әлеуметтік желіде 70 адамның зардап шеккені туралы жазылған.


Ресейде рельстен шығып кеткен жолаушылар пойызы аударылды

ERNUR.KZ. Коми Республикасында Инта-1- Угольный темір жол өткелінде Воркута – Новороссийск жолаушылар пойызының тоғыз вагоны рельстен шығып кетті, деп жазады zakon.kz.

Ресей темір жолдары баспасөз қызметінің мәліметінше, шұғыл қызметтер оқиға орнына бірден аттанып, жолаушыларға көмек көрсету бойынша шаралар қабылдады.

"26 маусымда сағат 20:12-де (Астана уақыты бойынша) Инта – 1 – Угольный Северный темір жолы (Коми Республикасы) өткелінде № 511 Воркута – Новороссийск жолаушылар пойызының 9 вагоны рельстен шығып кетіп аударылды", делінген хабарламада.

Ресейлік БАҚ-тарда төтенше жағдай кезінде 10 адамның, ал әлеуметтік желіде 70 адамның зардап шеккені туралы жазылған.

Тергеу комитеті Коми Республикасында жолаушылар пойызы вагондарының рельстен шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.


"Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің Батыс аймақаралық көлік тергеу басқармасының Сыктывкар көлік тергеу бөлімі пойыз вагондарының рельстен шығу фактісі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді комитеттің баспасөз қызметі.