Ресейдегі ұшақ апаты: алдын ала себебі анықталды

0
1 136

Жұма күні бортында үш экипаж мүшесі болған Sukhoi Superjet ұшағы Мәскеу облысындағы орманға құлады.


Ресейдегі ұшақ апаты: алдын ала себебі анықталды

ERNUR.KZ. Мәскеу облысында SSJ-100 ұшағының апатқа ұшырауына екі қозғалтқыштың бір уақытта істен шығуы себеп болуы мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

Жұма күні Sukhoi Superjet ұшағы Мәскеу облысындағы орманға құлап, бортта болған үш адам көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу комитетінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарынан кейін зауыттан ұшып шыққан лайнер Внуково әуежайына бет алған, бірақ Апраксино ауылына жақын жерде құлаған.
"Екі қозғалтқыштың бір уақытта істен шығуы ұшақ апатының негізгі себебі ретінде қарастырылып жатыр", - деді агенттікке сұхбат берген ТЖҚ өкілі.
Ресейдің өнеркәсіп және сауда министрлігі қазіргі уақытта ұшу сынақтарынан өтіп жатқан импорттық Sukhoi Superjet 100 NEW-95 ұшағы емес, азаматтық әуе компаниялары әуе көліктерінің бірі апатқа ұшырағанын түсіндірді. Аталған ұшақ жолаушыларсыз рейсті орындаған.
Кейіннен "Газпром Авиа" лайнерінің апатқа ұшырағаны белгілі болды, ол 2014 жылдан бері пайдалануда болған.