Ресейдің Астрахань облысында бес адам белгісіз заттан уланып өлді

0
189

Олардың 11-інің жағдайы ауыр және қазіргі уақытта ауруханада жатыр.


Ресейдің Астрахань облысында бес адам белгісіз заттан уланып өлді

ERNUR.KZ. Тергеу органдары бес адамның белгісіз заттан уланып өлуіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Астрахань облысының Тергеу комитеті тергеу басқармасының баспасөз қызметінен мәлім болды, деп жазады inform.kz.

«Бес адамның өліміне байланысты РФ Қылмыстық Кодексінің 109 бабы, 3 бөлігі бойынша (абайсызда екі және одан да көп адамды өлтіріп алу) қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Астрахань тұрғындары өлімінің алдын ала себебі - белгісіз заттан улану.

«РФ ТК Тергеу басқармасының баспасөз қызметі сонымен қатар Астрахань облысына жақын орналасқан қала мен аудандардың 14 тұрғынының ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Олардың 11-інің жағдайы ауыр және қазіргі уақытта ауруханада жатыр», - делінген хабарламада.

Тергеу органдарының нұсқасы бойынша, 2024 жылдың 9-шы мамыры күні Советский және Трусовский аудандарының бірнеше жерінде және көлік ішінде 18 бен 40 жас арасындағы әйелдер мен ерлердің денесі табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың барлығы да есірткін тұтынған.