Ресейдің бірқатар аймақтарында дауылдан кейін 10 адам қаза тапты

0
400

76 адам зардап шекті.


Ресейдің бірқатар аймақтарында дауылдан кейін 10 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Поволжье бойындағы күшті дауыл он адамның өмірін қиды, 76 адам зардап шекті, деп жазады Inbusiness.kz.

"Поволжье бойындағы қауіпті метеорологиялық құбылыстардың нәтижесінде барлығы 10 адам қаза тауып, 76 адам зардап шекті", - делінген хабарламада.

Сенбіде Поволжье бойында ауа-райы күрт өзгеріп, бірқатар аймақтарда қатты жел мен жаңбырдың салдарынан электр желілері үзіліп, ағаштар құлады, құрылыс алаңдары зақымданды.

Атап айтқанда, Ульяновск облысының губернаторы Алексей Русский өзінің Telegram-арнасында хабарлағандай, кешегі дауылдан 15 муниципалитет зардап шекті. Қазіргі уақытта желдің әсерінен бұзылған электр қуаты толығымен қалпына келтірілді, Төтенше жағдайлар бригадалары құлаған ағаштар мен шатырлармен жұмыс істейді.

Орынбор облысының Первомай ауданының бірнеше ауылында екпінді желдің салдары жойылуда, деп хабарлайды облыстық билік.

"Первомай ауданының аумағында 24 м/с дейін жаңбыр мен екпінді жел түріндегі қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан Первомай және Володарский кенттерін, сондай-ақ Соболево, Пономарево, Сергиевка мен Советское елді мекендері жарықсыз қалды", - делінген хабарламада.