Оқиға 28 маусымда аралдан аралға бағыт алған рейс кезінде болған.
Фото: Shot
ERNUR.KZ. Мальдив аралдары маңында ресейлік туристер отырған жеңіл моторлы ұшақ екі рет апатты жағдайда мұхитқа қонды, деп жазады inform.kz.
Оқиға 28 маусымда аралдан аралға бағыт алған рейс кезінде болған. Ұшып шыққаннан кейін біраз уақыт өткенде әуе кемесі дауылға тап болып, биіктікті жоғалта бастаған. Ұшқыштар әуелі ұшақты су бетіне қондырып, ұшақ суда бір сағаттан аса уақыт тұрған.
Кейін ұшақты қайта ұшыруға әрекет жасалғанымен, ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе кемесі жағалауға жақын жерде екінші рет мұхитқа қонуға мәжбүр болды.
Соңында ұшақ сүйреткіштердің көмегімен құрлыққа жеткізілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.