Ресейліктердің неден жаппай уланғаны белгілі болды

0
329

Мәскеуде ботулизм белгілері бар 133 адам ауруханаға жүгінген.


Ресейліктердің неден жаппай уланғаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Мәскеуде және Ресейдің тағы бірнеше қаласында ботулизммен ауруханаға түскендердің саны 200-ге жетті. Бүгін, 18 маусымда жаппай уланудың себебі болған өнім белгілі болды, деп жазады zakon.kz.

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Telegram-каналында хабарлағандай, екі жүзге тарта адам уланған өнім, консервіленген "қызыл бұршақ" болып шықты.

"Бұл бұршақ "Савон-К" Балашиха фирмасынан "Кухня на районе" компаниясына жеткізілген. Қазіргі уақытта бұршақтың өзі де, жеткізуші компания да тексерілуде. Улануды тудыруы мүмкін басқа да тағамдар зерттелуде", – деп жазады Мурашко.

Жаппай улануды тергеу аясында құқық қорғау органдары үш адамды ұстады. Тергеу көрсеткендей, уланудың себебі "Гастропорт" жеке компаниясы дайындаған бұршақ пен тунец қосылған салаттар болды.

"Ұсталғандардың арасында "Гастропорттың" нақты басшысы, "Кухня на районе" бас директоры және "Гастропорт" сапа бөлімінің басшысы бар. Олардың барлығы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өндіру және сату бойынша күдіктелуде", - делінген Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрінің Telegram-каналында.

Baza жазғандай, консервіленген бұршақтарда адамдар уланған ботулинум токсині пайда болған. Тергеудің алдын-ала мәліметтері бойынша, мәселе салат дайындау үшін қолданылған бұршақтарда. Бірақ сақтау нормалары бұзылды ма, әлде шикізат бірден сапасыз болды ма, әлі белгісіз. Қазір "Савон-К" фирмасының кеңсесі мөрленіп, тексеру үшін бұршақтар тәркіленді.

"Ботулинум токсині Мәскеуде, Мәскеу облысында, Нижний Новгородта және Қазанда "Кухня на районе" сататын "бұршақ қосылған лобио" салатына түсті. Осы аймақтардың барлығында зардап шеккендер бар, олардың жалпы саны 150 адамнан асты. Ондаған адамның жағдайы ауыр", - деп жазады Baza.

Мәскеуде ботулизм белгілері бар ауруханаға 133 адам жүгінген. Қазір олардың 14 –і жасанды тыныс алу аппаратында, 33 –і реанимацияда. Олардың барлығы жеткізу қызметі арқылы дайын тағамға тапсырыс берген. Нижний Новгородта 14 адам уланған, оның 12-сі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Қазанға келсек, 14 науқас ауруханаға жатқызылды, олардың жетеуі реанимацияда, біреуі жасанды тыныс алу аппаратында.