Екі жыныстың қайсысына жатқызарын білмей жүргендерге Үкімет үшінші жыныс ашып көмектеспек
фото:tengrinews.kz
ERNUR.KZ. Германияда ресми түрде үшінші жыныс пайда болды, деп жазады tengrinews.kz.
Германия үкіметіндегілер азаматтық хат актілерінде үшінші жынысты бекітті, - деп хабарлайды РИА Новости Германияның Федералды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, енді елде әйелдер мен ер адамдардың жынысы ғана емес, сондай-ақ, интерсексуалды жыныс өкілдері болады. Осылайша Германия үкіметі өздерін екі жыныстың ешқайсысына жатқыза алмай жүрген адамдарға көмектесуді жоспарлап отыр.
Германияның Конституциялық сотының өкілдері заңнаманы 2017 жылдың 10 қазанында дайындаған, алдағы уақытта заңнама бундестагта қарастырылады.Сондай-ақ, үшінші жыныстың Аустралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Канада, Үндістан, Пәкістан және Непал елдерінде бар екені айтылады.