Самарқан қаласына кіруге шектеу қойылады

0
237

Мұндай уақытша шектеу шарасы 3-5 сәуір күндеріне ғана қатысты.


Самарқан қаласына кіруге шектеу қойылады

Фото: egemen.kz

ERNUR.KZ. Алдағы 3–5 сәуір күндері Өзбекстанның Самарқан қаласында Орталық Азия мен Еуропалық одақ арасындағы алғашқы саммит өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ресми шараға байланысты Самарқанға кіретін жолдар уақытша жабылады. Бұл туралы Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаменті мәлімдеді.

Жол қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында транзиттік көліктер үшін арнайы айналма жолдар ұйымдастырылған. Жүргізушілерге QR-коды бар парақшалар таратылып жатыр бұл код арқылы мобильді қосымшада қажетті бағытты табуға болады.

Министрлік көлік жүргізушілерін белгіленген талаптар мен ережелерді қатаң сақтауға шақырды. Самарқанға баруды жоспарлаған азаматтар мен шетелдік қонақтардан сапарларын кейінге шегеру сұралды.

Сонымен қатар қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері 1-5 сәуір аралығында қысқамерзімді демалысқа жіберілді.