Біздің дайындық деңгейіміздің қандай екені көрініп қалды.
ERNUR.KZ.Ұлттық құраманың үш ойыншысы тәртіптік жаза алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі telegraf.com.ua басылымына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясы футбол федерациясының басшысы Адель Иззаттың айтуынша, жеңіліс үшін ел билігі реніш білдірген.
«Бұл өте көңіл толмайтын нәтиже, біздің дайындық деңгейіміздің қандай екені көрініп қалды», - дейді Иззат.
Оның айтуынша, шабуылшы Мохаммад ас-Сахлави, қорғаушы Омар Хавсави мен қақпашы Абдаллах әл-Майюф тәртіптік жаза алады.
Сауд Арабиясының спорт комитетінің төрағасы, Турк әл-аш-Шейх ойынды «толық сәтсіз ойын» деп бағалады.
«Бүгін ойыншылар менің атыма дақ түсірді, біз толық жеңілдік. Біз ең үздік жаттықтырушылармен келісім-шартқа отырғандағы ойыншылардың бар мүмкіндігі осы ма? Өкінішке қарай, олардың қолынан келетіні осы ғана», - деді ол.
Патшалық династияның мүшесі Саттам Халид Әл Сауд Twitter арқылы өз ойын білдірді.
«Еліміз ойыншылардың жеңуі үшін бар мүмкіндікті жасады. Өкінішке қарай, ойыншылар халқы мен отанын құрметтемейді», - деп жазды ол.
14 мамырда әлем чемпионатында Ресей футбол құрамасы Сауд Арабиясының құрамасын 5:0 есебімен жеңді.