Түнгі клуб орналасқан платформаның жартысы су астында қалған.
ERNUR.KZ. Белградта түнгі клуб жаңа жылдық кеш кезінде суға батып кетті, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылым мәліметінше, дебаркадерде орналасқан мұндай орындар қадағалау орган тарапынан тексеру болмауына байланысты кең таралған.
Клуб суға бата бастағаннан кейін келушілер сыртқа шығарылған. Эвакуация кезінде бір қыз жеңіл жарақат алды.
Куәгерлердің айтуынша, түнгі клуб орналасқан платформаның жартысы су астында қалған. Кейбір келушілер мекемеден тізеге дейін суға батып шыққан.