Шакира Бішкекте тұңғыш рет концерт берді

0
100

Әлемге әйгілі әншінің Орталық Азиядағы алғашқы шоуына 33 елден көрермен жиналған.


Шакира Бішкекте тұңғыш рет концерт берді

Фото: ulysmedia.kz.

ERNUR.KZ. Олардың арасында Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген жанкүйерлер де көп болған, деп жазады inbusiness.kz.

Шакираның Бішкектің "Бишкек Арена" стадионындағы концерті 18 қазанда өтті. Концерт әншінің Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында ұйымдастырылған.

Шакира көрермендерге өзінің танымал әндерін орындап берген. Олардың қатарында Hips Don’t Lie, Waka Waka және Whenever, Wherever композициялары бар.

Әнші концерттің басында көрермендермен қырғыз тілінде амандасып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

– Кутман кеч, Бишкек! Кандайсыңар? – деп саулық сұрасты әлемдік жұлдыз.

Кеш соңында Шакира көрермендерге жылы қабылдауы үшін алғысын жаудырған.

Концерт өтетін күні Қырғызстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік агенттігінің басшысы Эдуард Кубатов әншінің шоуына арналған билеттердің түгел сатылып кеткенін мәлім етті.

Бұған дейін Шакираның Бішкектегі концертіне қазақстандықтар ең көп билет сатып алғанын жазған едік.