«Қазақстанға де жетуі мүмкін»: ДСМ маймыл шешегіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

0
170

​Қазақстан шекара бекетіндегі тексеруді күшейткен.


«Қазақстанға де жетуі мүмкін»: ДСМ маймыл шешегіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты шұғыл мәлімдеме таратты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Министрлікт маймыл шешегінің эпидемиологиялық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп отыр.

«Әлемнің бірнеше елінде ауру тіркелгендіктен және халықаралық көлік қатынасы белсенді болғандықтан, инфекцияның Қазақстан аумағына жету ықтималдығын жоққа шығармаймыз», - деп хабарлайды ДСМ.

Дегенмен, министрлік қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстанда маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен дейді.

Қазір инфекцияның алдын алу үшін Қазақстан мемлекеттік шекарадағы тексеруді күшейткен, ауру тіркелген елдердегі эпидемиологиялық жағдайды және осы мемлекеттерден келген азаматтарды қатты тексеретін болған.

Айта кетейік, қазір Ресейде маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін деген күдікпен бес адам ауруханада жатыр.