16 жастағы қыздың зорлану нәтижесінде жүкті болып қалғаны анықталған.
ERNUR.KZ. Өткен аптада сот Қоқан қалалық жеңіл өнеркәсіп колледжінің директорына, оқу орнының шарушылық басшысына және тағы бір адамға үкім шығарды. Олар мемлекет мүлкін талан-таражға салды, қызмет бабын асыра пайдаланды деген бап бойынша айыпталған, деп жазады centralasian.org.
Айыпталушылар 25-тен 73 миллион сумға (3-9 мың АҚШ доллары) дейін айыппұл төлеп, сот залынан босатылған.
2018 жылдың қазан айында Қоқан қалалық прокуратурасы оқу орнына тексеру жүргізіп, кейін колледж директоры қызмет бабын асыра пайдаланды, студенттерді зорлады деген күдікпен ұсталған. Тексеру барысында 16 жастағы қыздың зорлану нәтижесінде жүкті болып қалғаны анықталған.
Оқу орнында "мінез-құлқы ауыр" деген 200-дей қыз оқиды.
Құқық қорғау органдарындағы бұлақ көзі осыған дейін "Адам зорлау" бабы бойынша сот отырысының жабық өткенін, айыпталушыларға жаза берілгенін айтады.