Шаруаның ажалы өзі өсіріп отырған түйеқұстан болды

0
1 547

Жем салу үшін қораға кірген шаруаны теуіп өлтірген.


Шаруаның ажалы өзі өсіріп отырған түйеқұстан болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та Флорида штатындағы шаруа қожалығының иесі күтпеген жерден тап берген айдарлы түйеқұстың құрбаны болды, деп жазады ТАСС.

Флорида штаты құтқару қызметінің мәліметінше, оқиға жергілікті шаруа қожалығының иесі тамақ беру үшін айдарлы түйеқұстың арнайы торына кірген кезде орын алған. Құтқарушылар болжамы бойынша 75 жастағы шаруа торға кіргеннен кейін аяғы тайып құлап қалған. Осы сәтте түйеқұс өзінің алып тырнақтарымен соғып өткен болуы мүмкін.

Әлемде үлкен айдарлы түйеқұстар қауіпті саналады. Олардың биіктігі екі метрге, салмағы 60 келіге дейін жетеді. Сағатына 50 км дейін жүгіре алады. Олардың негізгі қаруы ұзындығы 10см дейін жететін тырнақтары екен.